Құрылтайға сайлау тамызда өтеді
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді. Бұл туралы Президент ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты. Мемлекет басшысы жаңа Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоятынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың жоспарын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыт беру мақсатында ерте айтып отырғанын жеткізді. Сонымен бірге Ата заңның преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым мен инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленгенін айта кетейік.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда 15 наурыз күні тарихи мәні зор референдум өтті. Азаматтардың басым бөлігінің қолдауымен мемлекетіміздің іргесін нығайтатын, елді барлық салада, соның ішінде ғылымда орнықты даму траекториясына шығаратын жаңа Конституция қабылданды. Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді. Яғни аталған салаларды жан-жақты қолдауға стратегиялық маңыз берілді. Ең бастысы, бұл бағыттарды дамыту мемлекеттің конституциялық міндетіне айналды.
Президент заң мен тәртіп идеологиясын нығайтудың маңызына да тоқталды. Оның
айтуынша, қоғамда заң үстемдігін қалыптастыру – әр азаматтың күнделікті
өмірінен басталады: қоғамдық тәртіптен жолдағы мәдениетке дейін заңға сай болуы
керек. Мемлекет басшысы полицейлерге қарсылық көрсету, шабуыл жасау секілді
әрекеттерге жол берілмейтінін айтты. Сондай-ақ, құқықтық нигилизмге қарсы қатаң
шаралар қабылдап, бұзақылықты дәріптеуге тосқауыл қою қажет екенін жеткізді.
Президент өркениетті қоғам құру үшін заңға бағынатын азаматтардың, соның ішінде
полицейлер, дәрігерлер мен мұғалімдердің абыройын қорғау – басты міндет, - деді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02