Басты Жаңалықтар Болашақ ойындары-2026» : Волонтерлерді іріктеу басталды

Болашақ ойындары-2026» : Волонтерлерді іріктеу басталды

Астанада өтетін "Болашақ ойындары-2026" мультиспорт турниріне қатысатын волонтерлерді іріктеу басталды.Бүгін еріктілерге арналған бағдарлама барысы таныстырылды. Онда іс-шара кезіндегі қытысу ережелері, атқаратын функционалдық бағыттары мен кандидаттарға қойылатын талаптар бар. Турнир кезінде еріктілер қатысушылармен және көрермендермен жұмыс, спорттық делегацияларды алып жүру, сондай-ақ іс-шараларды өткізуге қолдау көрсету сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Ұйымдастырушылар оған студенттер, жастар мен ерікті ұйымдарының өкілдері және барлық белсенді азаматтар қатыса алатындығын айтты. "Болашақ ойындары" - бұл жаңа бағыт. Спортшылар цифрлық әлемде өзінің бағасын алып, физикалық тұрғыда бақтарын сынайды. Халықаралық шараға 50-ден астам мемлекеттен 900- дей спортшы қатысады.

Байғали Ниязқұлов, еріктілермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы:

Волонтерлерді іріктеу 10-шы сәуірден бастап 30 маусымға дейін болады. Сайтта ашық тұрады. Бүгін жүзден астам қонақ күтіп жатырмыз осында. Мыңнан аса волонтерді іріктеу жасаймыз, оның ішінде 100 координатор бар.
Бөлісу