Мәдениет пен руханият– ел дамуының темірқазығы
Жаңа Ата Заң - ел дамуының жаңа бағдары. Ендігі кезекте мемлекет мәдениет, өнер, білім және ғылым салаларына айрықша басымдық бермек. Тіпті Конституцияның преамбуласында осы төрт сала ұлт дамуының негізгі принципі ретінде айқындалып отыр. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, енді бюджеттік қаржыны бөлу кезінде осы бағыттар бірінші кезекте ескерілетін болады. Сондай-ақ тарихи жәдігерлер мен көне қалашықтарды сақтап қалу үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылдануы мүмкін.
Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұрын білесіздер, «Рухани жаңғыру», «Мәдени мұра» деген арнайы бағдарламалар болған. Бұл бағдарламалар өзінің аралық тарихи миссиясын атқарды. Бірақ алдағы уақытта қоғамда осындай жеке бағдарламаның қажеттілігі туындап тұр. Себебі Қазақстанда жерасты археологиялық қазба жұмыстарын жүргізетін көптеген елді мекендер бар. Көне қалашықтар бар, сондай-ақ елде бар мәдени ошақтарды сақтап қалу үшін арнайы бағдарлама керек.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20