Басты Жаңалықтар «Сөйле, сурет» атты көрме өтті

«Сөйле, сурет» атты көрме өтті

Әлеуметтік мәселелерді суретпен сөйлетіп жүрген Аңсаған Мұстафаның кезекті картиналары бүгін Ұлттық музейде көрмеге қойылды. Көрменің «Сөйле, сурет» деп аталуы тегін емес. Мұндағы әр экспозиция бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселерді қамтиды. Автор әлеуметтік желілер дәуіріндегі жалғыздық, самартфонға деген тәуелділік, жетім баланың мұңы, несиеге батқан тағдырлар, жалқаулықтың ащы көрінісі сияқты күрделі тақырыптарды көрерменге түсінікті түрде жеткізе білді. Көбі графикалық стильде көрініс тапқан. Аңсаған Мұстафа сурет салуды 15 жасынан бастаған. Оның еңбектері әлеуметтік желілерде кеңінен танылып, Қазақстанның бірқатар қаласын аралаудан бастап шетел галереяларына дейін жеткен. Көрмеге 69 картина қойылған. Суретшінің жалпы осындай 200-дей туындысы бар. Айта кетейік, бұл суретшінің шығармашылық жолындағы 200-ші мерейтойлық көрмесі. Көрме Ұлттық музейде 19 мамырға дейін жалғасады.
Аңсаған Мұстафа, суретші:

Бір 12 жыл бұрын салынған сүйрет, мына жеде ютубтың белгісі болатын , ол кезде балалардың барлығы ютуб қарайтын, ал қазір бірінші орынға тик-ток шыққаннан кейін мен суретті ауыстырып қойдым. 00.55 Бұл да жаңағыдай барлығы мысалы әңгімелесіп отыр, шай ішіп отыр, барлығы телефонмен отыр да бала не істерін білмей жүр.  Ойым, осы суреттерді көрген адамдар ой түсін, баласына көбірек қарасын деген сияқты ғой.
Майра Есқалиева, қала тұрғыны:
Өте , өте жақсы әсер етіп жатыр. Көп келсе екен деймін, жастар келсе екен деймін осы музейге, + Қандай ой салды Сіз үшін?- өте көп жақсы ойлар салды, суреттерді осы суретшілерді көтеру керек. 

Бөлісу