Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша БҰҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуда. ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуамен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысының принциптеріне адалдығын және көпжақты дипломатияны дәйекті түрде нығайтуға дайын екенін растады. Министр Ұйым басшылығына, атап айтқанда Бас хатшы Антониу Гутерришке Астанадағы Өңірлік экологиялық саммитті дайындаудағы жемісті серіктестігі үшін алғыс айтып, БҰҰ делегациясының өкілдік құрамын ерекше атап өтті.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20