Еңбек құқықтарының сақталуын қадағалау күшейтілді
Елімізде еңбек құқығының бұзылуына қатысты тіркелген деректер саны артқан. Бұл туралы Еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы 17 мыңға жуық шағым қаралған. Сонымен қатар 1700-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған. Заң талаптарын бұзғандарға жалпы сомасы 136 миллион теңге айыппұл салынды. Мамандардың айтуынша, осы шаралардың нәтижесінде 17 500 қызметкердің құқығы қорғалған. Алайда тіркелген деректердің көбеюі еңбек саласындағы заңсыздықтардың жаппай белең алғанын білдірмейді. Керісінше, бұл – бақылау мен тексеру жұмыстарының күшейтілгенінің нәтижесі.
Мейрамбек Ахметов,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы
комитетінің төрағасы:
Біз еңбек ұжымдарын алты негізгі бағыт бойынша тексереміз. Ең алдымен, ұжымдық келісімшарттардың жасалып, цифрлық базаға енгізілуін қадағалаймыз. Қазіргі таңда инспекторлар профилактикалық бақылау жұмыстарын күшейтті. Маңызды бағыттардың бірі – қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру. Сонымен қатар еңбек келісімшарттарының заң талаптарына сай рәсімделуіне ерекше назар аударылады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15