Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы тұрақты өсетін болды
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы енді тұрақты түрде өсіп отырады. Сенат тиісті заңды қабылдады. Жаңа заңға сәйкес, қызметкерлердің еңбекақысы кемінде үш жылда бір рет міндетті түрде индексацияланады. Бұл қадам мемлекеттік қызметке маман тартуға, білікті кадрларды жүйеде сақтап қалуға бағытталған. Мамандардың жұмысын бағалаудың тағы бір тетігі бір лауазым шеңберінде көлденең мансаптық өсудің жаңа тетігі енгізіледі. Яғни, бір қызмет бірақ еңбекақысы төрт деңгейде әртүрлі белгіленеді. Ал өсім қызметкердің жұмыс нәтижесіне сай қарастырылады. Сонымен қатар еңбек өтіліне қарай қосымша ақылы демалыс беріледі: 10 жылдан асқандарға 3 күн, 15 жылдан бастап, 5 күн, 20 жылдан жоғары болса, 10 күн.
Мәулен Әшімбаев, Сенат
төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру қажет екенін үнемі айтып келеді. Жаңа заң аясында мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың құқықтық тетіктері жетілдірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және кәсіби кепілдіктерін күшейтетін нормалар қарастырылды. Бұл заңдар мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін және халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12