ДДСҰ: Хантавирус пандемияға негіз бола алмайды
Жақында Атлант мұхитында круиздік кемеден табылған хантавирус, жаңа пандемия емес. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Оның дерегінше, қауіпті инфекция бес адамнан анықталған. Тағы үш жолаушының қайтыс болғаны мәлім болып отыр.
Аргентинадан шыққан люкстік лайнер 10 мамырда Испанияның Канар аралдарына жетуі керек. Оның бортында 28 елден 150 адам болған. Ондаған жолаушы Қасиетті Елена аралында кемеден түскен. Қазір олар іздестіріліп жатыр.
Хантавирус әдетте кеміргіштерден тарайды. Алайда, бұл жолы оның адамнан адамға жұғатыны алғаш рет расталып отыр.
Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:
Біздің ұйымға өзгелермен қатынаста болған адамдарда осы аурудың симптомы байқалғаны туралы мәлімет бар. Әр оқиға бойынша тиісті органдармен байланыс орнатып отырмыз. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инциденттің қоғам денсаулығына қаупін төмен деп есептейді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04