Киберқылмыспен күрес: 147 млн қоңырау бұғатталған
Қазақстанда алаяқтарға SIM-карта сатып отырған 61 адам ұсталды. Олар SIM-карталар мен мессенджер аккаунттарын жаппай рәсімдеп, шетелдегі алаяқтық call-орталықтарға сатып келген. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте белгілі болды. ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің дерегінше, осы уақытқа дейін 147 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталған. Ал ел аумағында арнайы жүргізілген операция барысында 827 киберқылмыс анықталып, 900-ден астам күдікті ұсталған. Оның ішінде шетел азаматтары да бар. Министрлік алдағы екі жылда киберқылмыспен күресті күшейтпек.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
Ағымдағы жылы министрлік киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған ведомствоаралық бағдарламаны іске асыруға кірісті. Интернет-алаяқтыққа қарсы күрестегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізудің жаңа форматы енгізілді. Яғни, бұрынғы 3 күнде өтетін іс-шара енді 3 ай көлемінде жүргізіледі. Қылмыстық істерді тергеу жалғасуда және қатаң бақылауда.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20