ДДСҰ Эболаның өршуіне байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада Эбола індетінің өршуін халықаралық ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялады. Соңғы мәліметке қарағанда, Конго Демократиялық Республикасында бұл ауруға 246 адам шалдығып, кемінде 80 тұрғын қайтыс болған. Сонымен қатар Угандада 1 адам жан тәсілім етті.
Дегенмен әлемдік агенттік дүниежүзі елдерін Эбола үшін шекараларын жаппауға және сапарлар мен сауда қатынастарын шектемеуге шақырды.
Айта кетсек, әзірге бұл вирусқа қарсы дәрі немесе вакцина дайын емес. Медицина мамандарының сөзінше, Эболаға шалдыққан адамның алғашқы кезде қызуы көтеріліп, бұлшық еті мен тамағы ауырады.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20