Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі-сәрсенбі күндері Бейжіңде болып, төраға Си Цзиньпинмен кездеседі. Кейбір бақылаушылардың ойынша, Иран соғысына байланысты Мәскеуде Қытаймен тиімді газ келісімін жасау мүмкіндігі пайда болып отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға шабуылды қайта бастау жоспарын уақытша доғарды. Оның мәлімдеуінше, бұл шешім Тегеран Вашингтонға бейбітшілік туралы жаңа ұсыныс жібергендіктен және Парсы шығанағы елдерінің өтініші бойынша қабылданып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада Эбола эпидемиясының тарау жылдамдығы мен ауқымына алаңдаушылық білдіріп мәлімдеме жасады. Соңғы мәліметке қарағанда, қауіпті вирустан 131 адам қайтыс болып, 500 тұрғын осы ауруға шалдықты деген күдікпен карантинге жабылған.

Мальдив аралдарының маңында жоғалып кеткен бес италиялық дайвердің төтртеуінің мәйіті табылды. Олар бейсенбіде Үнді мұхитының 60 метр тереңдігіндегі үңгірге барғаннан кейін хабарсыз кетті. Бір дайвердің денесі сол күні су бетіне шығарылған.

Меккеге қажылық парызын өтеу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған мұсылман барып жатыр. Бүгін жамағат Бас мешітке жиналып, Қағбаны айналды. Қажылықтан соң келесі аптада ислам әлемінде Құрбан айт мерекесі басталады.

Бөлісу