Басты Жаңалықтар Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы. ҚР Конституциялық Соты Әлеуметтік кодекс пен зейнетақы төлеу тәртібін тексеру барысында азаматтардың шетелде тұрған жағдайда зейнетақы алуына қатысты маңызды шешім шығарды. Яғни зейнетақы алу құқығы азаматтың қай жерде тұратынына емес, оның зейнет жасына жетуіне, еңбек өтіліне және заңда көрсетілген талаптарды орындауына байланысты. Конституциялық Соттың мәліметінше, азаматтың ел ішінде немесе шетелде тұруы зейнетақы тағайындау рәсімінде ескерілуі мүмкін. Алайда бұл жағдай зейнетақы алу құқығын шектейтін негізгі талап ретінде қолданылмауы керек. Сондай-ақ Үкіметке Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарына сәйкес Әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізу ұсынылды. Нормативтік қаулы 18 мамырдан бастап күшіне енді. Ол ел аумағында жалпыға міндетті болып саналады және шағымдануға жатпайды.

Бөлісу