Куала-Лумпурде ауа сапасы нашарлады
Малайзия астанасы Куала-Лумпурды көрші жатқан Индонезиядағы орман өртінен шыққан қою түтін басты. Ауа сапасы тым нашарлап, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Осыған орай білім министрлігі елдің бірнеше штатында мектептерді жабу туралы шешім қабылдады. Зиянды түтін Малайзиядан бөлек Сингапурға да жеткен. Ол Индонезияның Суматра мен Борнео аралдарындағы орман өртінен тарап жатыр. Аптап ыстық пен қуаңшылық жалынды сөндіруге кедергі келтіріп отыр. Малайзия Индонезияға түтінмен күресте көмегін ұсынды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06