Басты Жаңалықтар Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл

Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл

Биыл Ыбырай Алтынсаринның туғанына 185 жыл. Қазақтың алғашқы ағартушы ұстазы «Кел, балалар оқылық!» деген өлеңі арқылы қазақ балаларын білім мен ғылымға ден қоюға шақырып,  олардың көзі ашық көкірегі ояу адам болуына бар өмірін арнады. Осылайша туған халқын өркениет көшіне ілестіре білді. Бүгінде Қостанай облысындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музей қорында 13 мыңнан астам құнды жәдігер сақтаулы. Мұражай соңғы жылдары тың деректермен де толығып келеді. Солардың бірі - 1885 жылы сызылған, ағартушының өзі  тұрған үйі мен ата қорымының орнын көрсететін карта. Музей мамандары оны биыл ғылыми сапар барысында Санкт-Петербург қаласының Орталық архивінен тапты.

Марғұлан Оспанов, Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінің директоры:

Қазақ мектебінің қара шаңырағы саналатын Торғайдағы 1864 жылы ашылған мектеп құрылысына да, мұғалімдік жұмысына да, әдістемелік жұмысына да өзі араласып жүрді. А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды алаш көсемдері осы мектепте оқып, тәлім-тәрбие алды. Ыбырай бабамыздың оқу-білімге ұмтылысының арқасында, қазақ азаттығын алды.

Бөлісу