Басты Жаңалықтар Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр

Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр

Қазақстан бойынша 649 сауда нысаны Республика күніне орай жеңілдік акциясын өткізіп жатыр. Науқанға 232 сауда орталығы мен сауда үйі, сондай-ақ 417 ірі дүкендер желісі қатысуға ниет білдірген. Жеңілдіктер азық-түлік және басқа да тауарларға қолданылады. Кей өнімдер 50%-ға дейін арзандатылған. Жалпыұлттық акция тұтынушыларға тиімді сауда жасауға, ал отандық өндірушілерге өнім өткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 17 қазаннан басталған Republic Day және Bereke Fest акциялары 27 қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу