Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
Елімізде құрылыс қарқыны күшейіп, барлық өңірлерде түрлі нысандар бой көтермек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында атап өтті. Соған сәйкес әр өңірде мектептер, ауруханалар, спорт кешендері, мәдениет ошақтары мен тұрғын үйлер салу көзделіп отыр. Сонымен қатар жаңа автожолдар, теміржолдар, көпірлер және инженерлік желілер жаңғыртылады. Тұрғындар Президент бастамасы ел игілігіне қызмет етіп, қалалар мен ауылдардың келбетін жаңартатынына сенімді.
Ауылды жерлерге медициналық нысандар салынады деп айтып жатыр. Біріншіден, ол перзентханалар балаларды оңалтау орталықтары және де өте қажетті ауруханалар. Жаңа нысандар. Ол дегеніңіз ауылдағы халыққа,медициналық қолжетімді болады және мамандарға орындар ашылады. Бұл – халыққа жасалған игі шара.
Соңғы жеті жылды есептейтін болсақ, 1 300 астам мектеп салынған екен. Бұл заманауи үлгідегі мектептер. Біздің қазіргі қоғамдағы оқушыларымыздың қаламенен бірдей деңгейде теңесе отырып, ауыл мектептеріндегі балалардың да сапалы білім алып жатқанын атап өтті. Бұл біздер, педагогтер үшін, маңызды өзгертулер мен ұсыныстар болды.
Президентіміз Жолдауында айтты ғой, 2027 жыл – Құрылыс жылы болады деп. Біз оған өте сенеміз және біздің қаламызға ойлаймыз жаңа импульс береді деп ойлаймыз. Жаңадан мектептер салынады. Бәрі осы халыққа, өзіміздің Қазақстанға.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы