Қазақстанның цифрландыру тәжірибесі халықаралық деңгейде бағаланды
Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы тәжірибесі Парламентаралық одақ басшылығының жоғары бағасына ие болды. Құрылтай Спикері Айбек Дәдебай Астанаға жұмыс сапарымен келген ұйым президенті Милтон Дикпен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні заңнамалық тұрғыда реттеу мәселелерін талқылады. Кездесуде Қазақстанның саяси реформалары, цифрлық инфрақұрылымы мен парламент жұмысына жасанды интеллект енгізу тәжірибесі таныстырылды.
Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы:
Цифрлық технологияларды дамыту Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі және «Жасанды интеллект туралы» Заң әзірленіп, күшіне енді, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» стратегиясы қабылданды.
Милтон Дик, Парламентаралық Одақтың президенті:
Қазақстанның электрондық парламенттен жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын парламентке көшу бағытына деген ұстанымы мені ерекше тәнті етті. Біз жаңа дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Ал парламентарийлер ретіндегі басты міндетіміз – жасанды интеллект технологияларының азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етуін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы