Басты Жаңалықтар Тегеран Ормұз бұғазындағы қауіпсіздікті қалпына келтірудің басты шартын атады

Тегеран Ормұз бұғазындағы қауіпсіздікті қалпына келтірудің басты шартын атады

АҚШ өз міндеттемелерін орындаса, Ормұз бұғазы мен өңірдегі қауіпісіздік қысқа мерзімде қалпына келеді. Иранның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон заңсыз санкцияларды алып тастап, теңіз блокадасын тоқтатуға, Өзара түсіністік меморандумында көрсетілген шарттарды орындауға тиіс. Дипломат экономикалық шектеулер мен теңіз блокадасын Тегеран елге қарсы әскери қимылдардың жалғасы ретінде қарастыратынын айтты. Иран мәселені шешуде саяси, дипломатиялық және қорғаныс шараларын қатар қолдануға дайын екенін де мәлімдеді.

Бөлісу