Ердос Ахмадиев: Еліміздің Туын алып шығу – мен үшін мәртебе (ВИДЕО)
Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жарыста 30 елдің спортшылары 11 спорт түрінен 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жапонияда Қысқы Азия ойындары осымен төртінші мәрте өтуде.
Ресми шара алдымен қатысушы командалардың шеруімен басталды. Ашылу рәсімінде еліміздің көк Туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шықты.
«Мен үшін бұл - үлкен мәртебе. Үш жыл бұрын Сочи Олимпиадасында да осындай қуанышқа ие болғанмын», дейді спортшы.
Шарада спортшылар мен төрешілер ант берді. Кейін алғашқы жүлделерге қол жеткізген қатысушыларды марапаттау салтанаты өтті.
Ертең жарыс жолына қазақстандық шаңғышылар мен конькимен жүгіру шеберлері шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02