Елімізде әрбір төртінші отбасында бедеулік cырқаты кездеседі
Мамандар бұл мәселелерді Астанада басталған «Қосалқы репродуктивті технологиялар және адамның иммун тапшылығы вирусы өзекті мәселелері» атты халықаралық конференцияда талқылап жатыр.
Елімізде 20 мың адам ВИЧ-ке яғни, иммун тапшылығы вирусына шалдыққан. Ол дертпен ауыратын адам өзінің жолдасына жұқтырмау үшін түрлі жолдармен сақтанады. Бұл оларды балалы болу мүмкіндігінен айырады.
Отандық дәрігерлер бұл мәселені шетелдік мамандардың тәжірибесіне сүйене отырып шешпек. Яғни, қолдан ұрықтандыруды арнайы ереже бойынша жүзеге асырмақ. Сондай-ақ суррогатты ана, яғни біреуге бала сыйлау мәселесін де заңдастыру жайы талқыланбақ.
Салтанат Байқошқарова, Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры:
Суррогатты ана мәселесі. Жалғыз басты аналар бар. Азаматтық неке көбейіп бара жатыр. Ана болуға денсаулығы көтермейді. Аналар басқа адамның көмегін пайдаланып, бала қызығын көруге құқылы.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02