Павлодарда бүйректің қызметін жақсартатын орталық ашылды

Павлодар қаласында нефрология және эфферентті терапия орталығы ашылды. Бұл медициналық мекемеде бүйрегінде ақауы бар адамдар емделеді. Орталықтың ашылуына облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Бұл туралы Қазақ радиосының Павлодардағы меншікті тілшісі Есенбек Базарқұл хабарлайды.
Павлодарда ашылған жаңа орталық еліміздің денсаулық сақтау тарихындағы диализ қызметтерінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірегей мекеме. Аталған орталық бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарға толық нефрологиялық көмек көрсетуге арналған. Яғни бүйректегі қанды аппараттар арқылы тазалайды. «Бүгінгі таңда бүйрек қызметі төмендеген және оны алмастырушы терапия әдісіне мұқтаж адамдардың қатары көбейіп келеді»,- дейді нефрология және эфферентті терапия орталығының өңірлік директоры Аманкелді Қасенов.
Орталықта толық нефрологиялық көмек көрсетудің барлық түрі қарастырылған. Мұндағы мамандар аймақтағы науқастардың барлығын диализ қызметімен толық қамтитын болады. Сондай-ақ болашақта орталық негізінде хирургия, экстракорпоральдық ұрықтандыруды енгізумен амбулаторлық гинекология салаларын дамыту жоспарланып отыр.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПремьер-министр ExxonMobil Upstream компаниясының президентімен кездесті
03.08.2026, 17:06
Президент: Елімізде бірыңғай инновациялық экожүйе құрылып жатыр
03.08.2026, 17:04
Президент үш ірі автожол құрылысын бастап берді
03.08.2026, 17:00
23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат цифрландырылды
03.08.2026, 13:09
Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жұмысын тоқтатты
03.08.2026, 13:08
ШҚО-да екі теміржол вокзалы жаңартылды
03.08.2026, 13:07