Онлайн кастинг талаптары:
• @Superstarkz_bot Telegram–дағы ботқа тіркелу;
• Арнайы сауалнаманы толтыру;
• Микрофонсыз, таза дауыспен орындалған екі әннің видеосын жіберу керек (дыбыс пен бейнесі өңделмеген болуы шарт). Әннің бір шумағы мен қайырмасы жеткілікті;
• 2 әннің біреуін міндетті түрде қазақ тілінде шырқау керек;
• Кез келген жанрдағы әндерді орындауға рұқсат етіледі;
• Әндер ешбір музыкалық сүйемелдеусіз, тек акапелла жанрында жазылуы тиіс;
• Соңғы 6 айда түсірілген 2 фотосурет жіберуі керек.