Түркияда коронавирус екінші рет шарықтау шегіне жетті
Түркияда коронавирус эпидемиясы екінші рет шарықтау шегіне жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреддин Коджа хабарлады.
Вирус, әсіресе, Анкара мен Стамбұлда өршіп тұр. Мамандар мұны демалушылардың қауіпсіздік шараларын сақтамауымен түсіндіріп отыр.
Соңғы тәулікте COVID-19-ды 1596 адам жұқтырса, 45-і одан қайтыс болды. Бұл – маусымнан бергі ең жоғары көрсеткіш. Жалпы, Түркияда жұқпалы кесел 273 мыңнан астам адамнан анықталды. Ал әлем бойынша мұндай науқастар саны 26 миллионнан асып, 863 мыңдайы жан тәсілім еткен.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14