Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
Almaty SuperSki жобасын жүзеге асырудың алғашқы кезеңі басталды. Қазір белгіленген жерде жол жасау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін жауапты компанияның өкілдері брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Тау шаңғы курортының жобасы бойынша бірнеше рет қоғамдық талқылау болып, табиғат жанашырларының бірқатар ұсыныстары ескерілді, - дейді «Kazakh Tourism Development» компаниясының бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев. Оның сөзінше, құрылыс табиғи ортаға белгілі бір деңгейде әсер еткенімен, кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, құрылыс жүргізілетін аумақта Қызыл кітапқа енген өсімдіктер анықталмаған. Ағаштардың бір бөлігі қайта отырғызылады. Құрылыс кезінде және іске қосылғаннан кейін экологиялық мониторинг жалғасады. Су, топырақ, ауа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне әсері бақыланып, нәтижелері ашық жарияланады. Курорт «Бәйтерек» холдингінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Ержан Еркінбаев, Kazakh Tourism Development компаниясының бас атқарушы директоры:
Almaty SuperSki курортында бар болғаны 11 аспалы жол салынады. Барлығы электр қуатымен жұмыс істеп, экологиялық талаптарға сай болады. Жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық тау шаңғысы жолының 70 пайызы балалар мен жаңадан бастаушыларға арналады. Бұдан бөлек жаяу серуендеу бағыттары, отбасылық демалыс орындары және спорттық іс-шараларға арналған алаңдар қарастырылады. Курортты 2028 жылдың аяғында іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы