АҚШ, Ресей, Франция: Баку және Ереванмен келіссөз жүргізуге дайынбыз
Әзірбайжан Армения әскери күштерін Таулы Қарабақ маңындағы елді мекендерді атқылады деп айыптады. Гянджа қаласы мен жақын маңдағы аудандарға жасалған шабуылдардан бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Физули ауданындағы Горадиз ауылын жау қолынан босатқанын хабарлады. Армения болса Әзірбайжан таңертеңнен бері армян позицияларын атқылап жатыр деп кінәлап отыр. Қарабақтағы қақтығысты тоқтату үшін АҚШ, Ресей, Франция Баку және Ереванмен келіссөз жүргізуге дайын. Әзірбайжан тарабы аталған мемлекет өкілдерімен бүгін кездеседі. Армения осындай кездесуді қазанның 12-де өткізуді жоспарлап отыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14