2025 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңге болады
Елімізден шетелге кететін медицина мамандарының саны жыл санап артпаса, азаяр емес. Мәселен, соңғы үш жылда үш мың дәрігер шекара асқан.
Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты. Тиісінше елде дәрігер тапшы. Қазіргі мәлімет бойынша, 4 мыңнан астам медицина қызметкері жетіспейді. Әсіресе, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практика дәрігері, зертханашы, психиатр, акушер-гинеколог, педиатрлар аз. Сондықтан осы мамандықтарға мемлекеттік грантты көбейтілмек. Әрі дәрігерлерді ынталандыру үшін олардың айлығын көтеру жоспарланып отыр.
Қанат Төсекбаев, ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры:2017 жылы дәрігерлердің айлықтары 98 мың болса, бүгінгі таңда дәрігерлердің орташа жалақылары 253 мыңға дейін жетеді. Ал 2025 жылда дәрігерлердің орташа айлықтары 550 мыңға дейін жетеді деген жоспар бар.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына сапармен барады
31.07.2026, 10:17
Ресейде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытыла бастады
31.07.2026, 10:07
Трамп: Палестиналық топтар қаруын тастауға келісті
31.07.2026, 10:06
Қазақстан алтын сатып алу бойынша көшбасшы елдердің қатарына енді
31.07.2026, 10:05
Испанияға жүздеген мигрант басып кірді
31.07.2026, 10:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
31.07.2026, 10:05
Су үнемдеу технологиясына қолдау күшейеді
31.07.2026, 10:04
Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Алматы облысының тұрғыны жауапқа тартылды
31.07.2026, 10:03