АҚШ-та дауыс беру аяқталса да, жеңімпаз жарияланған жоқ
Дегенмен демократ Байденнің жаңа президент атануына небәрі 6-ақ дауыс қалды. Америкадағы меншікті тілшіміз Әлия Әшім қазір байланыста, сайлаудың соңғы жаңалықтарымен бөліскелі тұр.
Әлия Әшім, тілші:-Қазір Трамп барынша дауыс санауды тоқтатуға тырысып жатыр. Оның адвокаттары Мичиган, Джорджия мен Пенсильваниядағы дауыс санау заңсыз өтіп жатыр деп, сотқа арыз түсірді. Неге? Себебі, кеше ғана осы штаттарда басымдықпен озып келе жатқан Трампты, бір түннің ішінде Байден қуып жетті. Тіпті, Мичиган мен Висконсинде басып озды. Енді бір штатты Байден алса, президент болады. Мұны Трамп жақтастары жақсы түсінеді, сондықтан оның Мичигандағы қолдаушылары «дауыс санауды тоқтатыңдар» деп бас көтеріп, дауыс санау орталықтарында шу көтерді.Бірақ ондағы дауыс санаушылар, жиналған жұртқа тосқауыл қойып, терезелерін бекітіп тастады. Міне, (терезелерін бекітіп жатқан) осы видеоны бүгін Трамп твиттеріне салып, дауыс санау ашық емес деп тағы байбалам салды. Демократтар да қарап отырған жоқ. Байденнің жақтастары Трамптың «санау тоқтатылсын» дегеніне қарсы шеруге шықты. «Әр дауыс саналсын» деп ұрандаған топ Филадельфия көшелерін жүріп өтті.Ал Байден болса, жеңіске жеткеніне сеніп отыр. Сондықтан сайлау нәтижелерін Трамп арызынан қорғау үшін «Байден күрес қорын» ашыпты. Қор жұрттан қаржы жинауды бастап кетті.
Әлия Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14