Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 33% - қариялар
Алматыда коронавирус жұқтырған қариялар арасында өлім-жітім көбейген. Індетке шалдыққан науқастардың 33 пайызы - қарт кісілер. Көбісінің созылмалы ауруы болған. Қала билігі 65 жастан асқан тұрғындарға сақтық шараларына мән беріп, барынша күтінуге кеңес береді. Егде жастағы кісілердің себепсіз үйден шықпағаны жөн.
Соңғы уақытта коронавирусты тұрғын үйлердің кіреберісі мен жұмыс орнында жұқтыру дерегі жиілеген. Дезинфекция жұмысын күшейтіп, тұрғын үй кешендерінің есік тұтқалары мен қоршауларын, ойын алаңдарын күніне бірнеше рет тазалау тапсырылды. Індетті таратпау үшін маска режимін сақтап, жеке бастың гигиенасына назар аудару қажеттігіде ескертілді.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына сапармен барады
31.07.2026, 10:17
Ресейде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытыла бастады
31.07.2026, 10:07
Трамп: Палестиналық топтар қаруын тастауға келісті
31.07.2026, 10:06
Қазақстан алтын сатып алу бойынша көшбасшы елдердің қатарына енді
31.07.2026, 10:05
Испанияға жүздеген мигрант басып кірді
31.07.2026, 10:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
31.07.2026, 10:05
Су үнемдеу технологиясына қолдау күшейеді
31.07.2026, 10:04
Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Алматы облысының тұрғыны жауапқа тартылды
31.07.2026, 10:03