Нұр-Сұлтанда жастардан жалдамалы пәтерге өтініш қабылдау басталады
Ертең елордалық жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтерлерге өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы бүгін әкімдік өкілдері хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, бүгінде жалдамалы пәтер жобасы бойынша жастарға 350 пәтер бөлінген.
Үйге қажет құжаттар astana.gov.kz порталы арқылы электронды форматта қабылданады. Ол үшін ең алдымен электрондық қолтаңба керек екенін ескере кетейік.
Пәтерлер Абылай хан және Момышұлы көшелерінің бойында орналасқан. Барлығы – бір бөлмелі. Баспана кілттері жыл соңына дейін табысталмақ.
Айта кетейік, аталған бағдарламаға жасы 29-дан аспаған жұмыс істейтін кез келген азамат қатыса алады.
Дәулет Кәрібек, қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы:
Жұмыс істейтін жастардың өз меншігінде баспанасы жоқ, ТҚЖБ-де есептік шоты немесе басқа банкте тұрғын үй депозит шоты бар, соңғы 6 айда кемінде 111 120 теңгеден төмен кем болмайтын кірісі болуы шарт.
Армангүл Тоқтамұрат
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00