Мұнай бағасы өсті
Соңғы кездері қымбаттап жатқан мұнайдың бағасы бүгін тағы өсті. Брент маркалы қара алтын құны сәл қымбаттап, баррелі 55 долларға таяп қалды.
Мұндай баға соңғы рет 10 ай бұрын болған. Шикізат құнының өсуіне АҚШ энергетика министрлігінің мұнайға қатысты жариялаған мәліметтері себеп. Онда қара алтын қорының азайғаны жазылған. Өйткені Америкаға Сауд Арабиясынан мұнай тасымалы тоқтаған. Тапшылық бар жерде бағаның өсетіні нарық заңы. Бірақ бұл қашанға дейін созылуы мүмкін.
Амалбек Өміртай, экономист:-АҚШ-тағы саяси ахуалдың, халықаралық экономикадағы саяси мәселелердің шикізат нарығына әсер етуі – бұл мерзімдік мәселе ғана. Ақпан, наурыз айларындағы фьючерстің бағалары 50 доллардан жоғарылап, халықаралық энергетикалық нарықта мұнай бағасының көтерілуінен төл теңгеміз долларға, еуроға шаққанда кішкене күшеюін байқап отырмыз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00