Түркістан облысы мен Шымкент қаласында газ тапшы
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында газ тапшы. Қазір екі өңірдегі газ құю бекеттері қаңырап тұр. Қызметкерлер келген көліктің бәрін кері қайтарып жатыр. Бары тек талонмен береді. Ал, Шымкент қалалық монополияға қарсы департаментінің өкілдері мұны Шымкент мұнай өңдеу зауытының 6- мамырдан бастап кезекті жөндеуге өткендігімен түсіндіреді. Қаладағы көліктердің сұйық газға деген сұранысы айына 6 мың тоннаны құраса, энергетика министрлігі мегаполиске 4500 тонна газ жеткізуде. Ал, қалған 1500 тонна газ еліміздің батыс өңірінен тасымалдануда. Ал, Түркістан облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тек талдау жұмыстарын жүргізумен шектеліп отырғанын айтады.
Данабек Махатов, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департамент басшысының орынбасары:Ол жерде бір-бірімен келісім шарт жасауы не болмаса жоғары бағаны ұстап тұруы сияқты заңбұзушылықтар орын алуы мүмкін. Сұйытылған газ сату субьектілерінен талдау мониторингі жасалынып, істелінген заңсыздықтар орын алған жағдайда бәсекелестікті дамыту және департаментімен тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00