Ұстаздардың жалақысы келер жылы 25 пайызға артады
Ұстаздардың жалақысы келер жылы 25 пайызға артады. Бүгін дәстүрлі тамыз конференциясында сала министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Жиында өткен оқу жылына шолу жасалып, алдағы жоспарлар талқыланды. Тамыз кеңесіне арнқау болған негізгі тақырыптар қандай? Дәл қазір Раушан Сайлауқызы бізбен байланыста.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Иә жалақы артады. Тиісінше қойылатын талап та күшеймек. Министр қашықтан оқыту кезеңінде ІТ білімнің төмендігі, технология сапасының нашар болуы сияқты кем кетіктердің болғанын жасырмады. Десе де қиындыққа қарамастан балалар білім алудан шектелген жоқ. Енді биыл оқу процесі дәстүрлі форматта өтеді. Тиісінше жаңа бастамалар көп. Біліктілікті арттыру шаралары әр бес жыл емес, екі немесе үш жылда өткізілуі мүмкін. Педагогтардың жұмысқа орналасуы да оңай болмайын деп тұр. Бұрыңғыдай директор қабылдамайды. Бұл процес электронды форматта конкурс арқылы іске асады.Балалардың 98 пайызы балабақшамен қамтылған, енді санға емес, сапаға мән беретін кез келді деді министр. . Методикалық әдіснаманы жаңарту, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру мәселесіне көңіл бөлінбек. Тағы бір қуантарлығы, биыл әліппе мектеп қайта оралады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Әліппе бірінші сыныпқа қайта енгізілді. Бірінші сыныптағы балапандарымызға салтанатты түрде беріледі. Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі арқылы жазылды. Буын бойынша оқыту, сауатты жазуы принциптері енгізілген.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Енді әр оқушы екі үйірмеге тегін баруға құқылы. Мұны жергілікті әкімдіктер қаржыландыруы тиіс. Ұстаздар мәртебесі туралы заң қабылданғалы бері, мұғалімдер шағымы ашық айтыла бастаған. Облыс орталығында құрылған педагогтардың құқын қорғайтын мекемелерге бір жылда 116 шағым түскен. Онда қосымша жұмыс істету, жөндеу жұмыстарына тарту сияқты әрекеттер анықталып, мектеп басшылары әкімшілік жазаға тартылды. Ал оқуын енді бітірген түлектер жұмысқа орналасуы үшін өз білімдерін тағы бір мәрте дәлелдеп, тест тапсыруы тиіс. Сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны өзгеруі мүмкін.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14
«Наурыз» бағдарламасы: Биыл бір орынға 4 адам үміткер болды
08.12.2025, 20:13
Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдарға бақылау күшейеді
08.12.2025, 20:12
Балалар арасында көз аурулары белең алды
08.12.2025, 20:08
Алматыда ауа сапасын жақсарту үшін жаңа ережелер енгізіледі
08.12.2025, 20:05
Астанада 100-ден аса көлік соқтығысты
08.12.2025, 20:03