354 мектеп білім беруге әлі дайын емес
Бір баладан вирус анықталса сыныптағы барлық оқушы мен педагог ПТР тест тапсыруы тиіс. Бүгін баспасөз алаңында сұхбат берген денсаулық сақтау министрлігі өкілдері осылай деді. Сондай- ақ 354 мектеп білім беруге әлі де дайын емес болып шықты. Бұл туралы бізбен байланыста тұрған тілшіміз Раушан Сайлауқызы айтсын.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Жалпы, оқудың басталуына 10 күн ғана қалды. Кеше елдің бас мұғалімі мектептер дайындығы сақадай сай деп еді. Бүгін денсаулық сақтау министрлігі 354 білім ошағының әзірлігі нашар деген баға берді. Десе де, білім мекемелерін тексеру шаралары әлі де жалғаспақ. Оқу басталған соң, егер оқушылардың біреуі вирус жұқтырса, онда сынып түгел карантинге кетеді. Олар 14 күнннен кейін, ПТР тест тапсырып қана мектепке келе алады.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:Қазір Бас санитарлық дәрігердің қаулы жобасы әзірленіп жатыр. Сол жобаға байланысты егер сыныпта бір бала коронавирус инфекциясымен ауырса, онда барлық сынып байланыста болғандықтан карантинге кетеді. Және де осы балалардың жаппай ауырып қалуына жол бермеу үшін аталған қаулыда мектептерге санитарлық талаптар күшейтілетін болады.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Мектепте оқушыларға Ашық қосымшасы қажет емес. Ол мұғалімдер мен өзге қызметкерлерге арналған. Ашық қосымшасы арқылы екпе салдырмаған студенттер сабаққа қатыса алады. Тек статусы көк немесе жасыл түсті болуы тиіс.. Елде екпе салдырғандар саны 6 жарым млн-ға жуықтады. Халықты иммунизациялауға 95 млрд-тан астам ақша жұмсалған.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Ал балалар мен жүкті әйелдерге салынатын Файзер екпесі елге әлі жеткізілген жоқ. Әзірге арнайы тоңазтқыштар әзірленіп жатыр. Өкінішке орай, екпе салдырса да вирус жұқтырып, 115 адам қайтыс болған, 12000 адам науқастанған. Олардың басым бөлігінде қосымша созылмалы ауруы бар болған дейді министрлік өкілдері. Жалпы қайтыс болғандардың 97,7 пайызы екпе салдырмағандар ЕКЕН. . Соңғы үш аптада вирустың қарқыны бәсеңдеген. Таралу индексі 14 пайызға төмендеді дейді, министр. Инфекциялық төсек орындардың 52 пайызы, жан сақтау бөлімінің 48 пайызы науқаспен толыққан.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08