Асқар Мамин Ақмола облысындағы күзгі дала жұмыстарының барысын тексерді
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Ақмола облысындағы күзгі дала жұмыстарының барысын тексерді. Егіннің 75 пайызға жуығы жинап алынған. Биыл өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 12 пайызға өсіп, 154 млрд теңгені құрады.
Биыл егін жинау науқаны уақтылы басталды. 11,8 млн гектар жердегі дәнді дақылдар жиналды. Егіс алаңы 5 млн гектарды алатын Ақмола аймағында биыл егін бітік шыққан. Өнім түрі әр алуан, Оның қатарында майлы дақылдар, жүгері, жем-шөп, картоп пен көкөністер де бар.
Уәлихан Арипов, серіктестіктің бас директоры:Астық жинау 7-ші қыркүйекте аяқталды. Мемлекет қолдауының арқасында жыл сайын субсидия бөлінеді. Сол қаражатқа техникаларымызды жаңарттық. Биыл 6 комбайн, 4 трактор сатып алдық. Соның нәтижесінде, жұмысымыз уақтылы аяқталды.
Аймақта дәнді дақылдардың 78%-ы жиналды. 2,8 млн тоннадай астық бастырылды. Ауа райы қолайлы болса науқан қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Үкімет басшысы Жақсы ауданындағы күзгі дала жұмыстарымен танысты. Жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасымен, дәнді және жем-шөп дақылдарын өңдеу және тазарту, ет және сүт өнімдері өндірісін кеңейту жұмыстарын көзбен көрді.
Ғабиден Бралин, серіктестік директорының бірінші орынбасары:Шамамен 2000 гектар жерге тұқым егіп, әу баста инвесторларға қойған талабымызға сәйкес, өнім осында өндірілуі тиіс. Бұл мақсатқа жеттік.
Сондай-ақ үкімет басшысы 15 кәсіпорыннан тұратын ірі компанияның жұмысын көрді. Мұнда элеваторлар, диірмендер, құрама жем және жарма зауыттары, агрохимиялық зертхана мен наубайхана бар
Батырбек Уәлиев, серіктестіктің бас директоры:20 жылдың ішінде аграрлық нарықта орнымыз ерекше деп айтсам болады.Біз өзіміз еккен өнімді 100 пайыз өзіміз өңдейміз. Елдегі ұнның 7-8 пайызы осында шығарылады. Шетелге де 80 пайызы экспортталады. Кадрларға барлық жағдай жасалған. Қазір инвестиция тартуға қатысты әлеуметтік жобаларды қолға алдық.
Өңірдегі ет өндірісі 50 %-ға шұжық өнімдері өндірісі 31%-ға ұлғайды. 7 айда аграрлық секторда негізгі капиталға салынған инвестициялар 60 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 есе көп.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00