Жолдауды жүзеге асыруға бюджеттен 215 млрд теңге қарастырылған
Президент Жолдауын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 215 млрд теңге қаралған. Ал "Nur Otan" партиясы бағдарламасындағы міндеттерді іске асыру үшін 4,3 трлн теңге жұмсалмақ.Бұл қаржы барлық салаға, оның ішінде әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге бағытталады. Кепілдендірілген трансферт көлемі келер жылы 2,4 трлн теңге болса 2024 жылға дейін 2 трлн теңгеге кемиді. Жоспар бойынша келер жылы бюджет кірісі 13 трлн теңгеден асады. Мұнай экспортынан өзге табыс 25 пайызға артады. Қара алтыннан түсетін қаржы 1,3 трлн теңгеге азайып, қаражат пандемия кезінде ортайып қалған Ұлттық қорға құйылады.
Азамат Амрин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:Республикалық бюджеттің кірістері, 2022 жылы 9,2 трлн теңге, 2023 жылы 9,7 трлн теңге, 24 жылы 10,4 трлн теңгені құрайды. Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы 2,4 , 2023 жылы 2,2 , 2024 жылы 2 трлн теңге мөлшерінде айқындап, әлеуметтік міндеттемелер ұсынылып отыр. оысы ескере отырып 2022 жылы 2024 жылғы кепілдендірілген трансфертті анықтап, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отыр.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00