Елордалық полицейлер көпірден секірген аяғы ауыр әйелді құтқарды
Елордалық полицейлер көпірден секірген, аяғы ауыр әйелді құтқарып қалды. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан мұны анық байқауға болады. Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекшілікте жүрген полицей Алмаз Құлтанов, сағат 12.20-лар шамасында Қабанбай батыр көшесіндегі көпірден секірмек болған әйелді байқаған. Орталыққа дереу хабар беріп, өзі қызды құтқаруға жүгіреді. Алайда, ол жеткенше, қыз 10 метр биіктіктен мұзды суға секіріп кеткен. Құлтанов та артынан өзенге секіріп, оны жағаға алып шықты. Қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазір 25 жастағы аяғы ауыр әйел ауруханада.
Армангүл Тоқтамұрат
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00