Қазақстан мен Бельгия парламентарийлері Брюссельде Ауғанстандағы ахуалды талқылады
Брюссельге сапары барысында мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бельгиялық әріптестерімен кездесті. «Қазақстан-Бельгия» парламентаралық достық тобының төрағасы Тим Ванденпут Қазақстанның аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалап отыр. Бельгия парламентінің халықаралық істер комитетінің төрайымы Эльс Ван Хоф елдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық реформаларға қызығушылық білдірді. Қос тарап парламентаралық байланысты жаңа деңгейге көтеруге ниетті.
Айгүл Құспан, ҚР Парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:
Модернизацияға арналған заңдар болсын, экономикаға қатысты заңдар болсын. Әсіресе мына реформаларға Президентіміздің бастаған реформаларына қатысты заңдарды қабылдағанымыз туралы айттым. Сондай қысқа мерзімде қабылдағанымызға өте таңқалды.
Эльс Ван Хоф, Бельгия Парламентінің халықаралық істер комитетінің төрайымы:
Сіздердің елдеріңіздің Ауғанстандағы ахуалға көзқарасын білгіміз келеді және осыған қатысты қалай бірігіп әрекет ете аламыз деген мәселе де өзекті. Алып көршілеріңіз Ресей, Қытаймен және басқа да аймақтағы серіктестеріңізбен қалай диалог орнатып отырғандарыңыз, тәжірибелеріңіз біз үшін өте маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12
БҚО – білім сапасы жоғары, үздік өңірлердің қатарында
14.08.2026, 20:08
Аида Балаева балалардың білімі мен жазғы демалысы мәселелері бойынша кеңес өткізді
14.08.2026, 20:08
Бейәдеп сөзге жол жоқ: Подкаст пен әндерге мониторинг жүргізіледі
14.08.2026, 20:06