Отырар ауданында балалар бақшасыз, қызметкерлер жалақысыз отыр
Түркістан облысы Отырар ауданында балабақша жанып кетіп, 75 бүлдіршін тәрбие ошағынсыз қалды. Содан бері мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері де жұмыссыз. Ал, бастапқыда ғимаратты жөндеп береміз деген сала басшылары енді қаржы жоқ деп қарап отыр. Ақтөбеліктердің мәселесін өңірдегі тілшіміз Айнұр Ақбаева жеткізеді.
Айнұр Ақбаева, тілші:Ақтөбе ауылындағы жалғыз балабақша осы жылдың қаңтар айында жанып кеткен. Ғимараттың шатыры толықтай отқа оранып, нысан жарамсыз деген қорытынды шығарылған. Алайда содан бері жылға жуық уақыт өтсе де елдімекенде балалар бақшасыз, қызметкерлері жалақысыз қалып тұр.
Қазір балабақшаның қалқиып қабырғасы ғана қалған. Бүгін отызға тарта балабақша қызметкерлері мен ата-аналар биліктен ғимаратты жөндеп беруді талап етті. Себебі, екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылда бүлдірішндерді апартын басқа жер жоқ, ал қызметкерлер бір жылға тақау жұмыссыз жүр.
Райхан Өтепова, тәрбиеші:Бізге жалақымызды толық төленеді деп уәде берген. Жоқ, төленбеді. Үш ай ғана төледі, одан кейін ең төменгі жалақы 42500-бен қалдырды. Ол да 36-37 мың алдық, ұсталатыны бар. Енді қыркүйек айына дейін ол да төленді. Енді біздің счетымызды жауып тастады деді.
Гүлнәр Есенбекова, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы:Балабақшада көбінесе әйелдер істейді. Көбісі 80 пайызға жуығы көпбалалы аналар.
Балабақша қызметкерлері ғимараттың бір бөлігі аман қалғанын айтады. Тек шатыры жанған. Соны жөндеп берсе де, амалдап жұмыс істер едік дейді. Алайда облыстағылар аудандық әкімдіккке сілтейді.
Жанат Мұсатаева, Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:Қаржы жоқ болса мен не істей аламын. Менің қолымнан не келеді? Менің құзырымдағы нәрсе емес ол.
Жалақы мәселесі де жуық арада шешіле қоймайтын сыңайлы. Себебі, қаржы жоқ дейді бөлім басшысы. Қаражат көзі табылса жыл соңына дейін қызметкерлермен есеп айырыспақ.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2026 жылғы Қысқы Олимпиада медальдарының құны жарияланды
10.12.2025, 13:27
10 боксшымыз ширек финалға шықты
10.12.2025, 13:24
Оралда «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» конференциясы өтті
10.12.2025, 13:21
Клиникалық зерттеулерге венчурлық хаб құру ұсынылды
10.12.2025, 13:18
Қазақстан мен Түркия университеттері ЖИ саласында ынтымақты арттырады
10.12.2025, 13:15
ЕуроОдақ Қазақстаннан аса маңызды шикізат түрлерін алуға мүдделі
10.12.2025, 13:12
Ресейге 5 миллион үнді баруы мүмкін
10.12.2025, 13:09
Иракта су тасқынынан 3 адам қаза тапты
10.12.2025, 13:06