Алматыда қала тұрғынын жекпе-жекке шақырған полиция қызметкері жазаланды
Алматыда қала тұрғынын жекпе-жекке шақырған полиция қызметкері жазаланды. Полиция департаментінің мәліметінше, жанжалдың анық-қанығы тексерілген соң тәртіп сақшысы жұмыстан қуылған.
Кикілжің қаладағы автобөлшектер сататын базарда болған. Видео авторының сөзінше, оның автокөлігін учаскелік полиция қызметкері тізгіндеген қызметтік көлік сырып кеткен. Мәселені заң аясында шешкісі келмеген тәртіп сақшысы тұрғынды «жекпе-жекке» шақырған. Осы факт бойынша тексеру жүргізген Полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік қызметі учаскелік полиция инспекторын дөрекі қылығы үшін қызметінен шеттетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00