Дәрігерлер: Аман қалған екі кеншінің жағдайы ауыр
Аман қалған екі кеншінің хәлі ауыр. Аман қалған екі кеншінің жағдайы ауыр. Олар Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға түсті. Өңірдегі тілшіміз Жанбота Елубаев тікелей байланыста.Жанбота, сіз эфирдесіз...
Жанбота Елубаев, тілші:
Иә, Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға 1960 және 1963 жылдары туған шахтаның екі қызметкері түсті. Оларға - токсикогипоксиялық энцефалопатия диагнозы қойылған. Олар -жансақтау бөлімінде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметі бойынша, дәрігерлер оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде. Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл кезде жер астында 64 адам болған. 52 кенші жер бетіне шығарылды. 6 адам қаза тауып, 2-уі зардап шекті. Мендегі бар ақпарат осы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00