Өскемендегі кәсіпорында екі жұмысшы қаза болды
Өскеменде титан құймалар мен плиталар шығаратын зауытта екі жұмысшы қаза тапты. Олар электронды сәулелі пеште жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Қалалық полиция басқармасы іс қозғап, тергеп-тексеру амалдарын бастады. Ер азаматтар небары 28 және 20 жаста болған. Бірінің артында жүкті әйелі мен кішкентай баласы қалды. Жалпы биыл облыста өндіріс орнындарында 164 жазатайым оқиға тіркелген. Бұл қайғылы оқиғаны облыстық еңбек инспекциясы да тергеп жатыр.
Бақытбек Қизатов, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:Осы бойынша біздің қызметкерлер және прокуратура бірлесіп оқиға болған жерді қарады. Қазіргі кезде біз арнайы комиссия құрдық. Олар оқиғаның себебін, салдарын оның мән-жайын анықтап, өзінің шешімін береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00