Қызылордада заңсыз казино ұйымдастырғандарға үкім шықты
Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты. Олардың бірі 1 жылға бас бостандығынан шектелсе, екіншісіне 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Олар қаланың қақ ортасынан ғимарат жалдап, оны онлайн казиноға айналдырған. Мұнда келушілер ғаламтор арқылы бәс тігіп, құмар ойынға арбалып келген. Бірақ құзырлы орган өкілдері ұйымдастырушылардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеп, 16 дана монитор, 18 процессорды мемлекет меншігіне тәркіледі. Жалпы, өңірде мұндай қылмыстық деректер әлі де тыйылмай тұр дейді мамандар.
Бақыт Орданова, облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бас маманы:
Жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесіне қатысты 7 қылмыстық істі анықтады. Оның 6 ісі аяқталып, №2 қалалық соты екі ойын ұйымдастырушыға үкім кесті. Олардың біреуі 1 жылға бас бостандығынан айрылды. Екіншісі айыппұлға төлейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00