Жол апаты үшін «ҚазақАвтоЖол» ЖШС жауапқа тартылады
Алғашқы көктайғақ «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-нің Павлодар филиалы қысқы маусымға толық дайын еместігін әшкерелеп берді. Тіпті жергілікті полиция тарапынан тергеу басталды. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар-Успенка тасжолы бойында қарсы келе жатқан екі жеңіл көлік соғылып, зейнет жасындағы ерлі-зайыптылар қайтыс болды. Тағы екі адам ауыр халде жатыр. Оқиға орнында сараптама жүргізген полиция департаменті бүгін жантүршігерлік апаттың басты себебі жолдың қардан уақытылы тазаланбауынан деген ұйғарым жасады.
Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
«ҚазақАвтоЖол» ЖШС-і апат болған аумақтың қауіпсіздігіне жауапты мекеме ретінде міндеттемесін орындамаған. Сол күні борандатып, қар жауды. Дер кезінде тазаланбағандықтан, мұзға айналған. Осыған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00