8 желтоқсанға дейін Мысырда жүрген 1300 жолаушы елге жеткізіледі
Бүгіннен бастап Египетке баратын рейстерге шектеу қойылмақ. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Жиында тағы қандай мәселелер көтерілді?
Раушан Сайлауқызы, тілші:Күн тәртібінде COVID-19-ға қарсы күресу, «омикрон» жаңа штаммы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және олардың карантинде болуы мәселелері қаралды. 8 желтоқсанға дейін Мысырда жүрген 1300 жолаушы елге жеткізіледі. Бүгіннен бастап Египетке баратын рейстер тоқтатылады. Ал билет алып қойған жолаушылардың жолақысы түгелімен қайтарылады. Вице-Премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Десе де халықты коронавирус инфекциясына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет. Иммундау қарқыны қазан айынан бастап Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарында төмендеп кеткен. Сондықтан бұл өңірлерде вакциналау шараларын күшейту керек. Ал Pfizer екпесі бойынша мәліметтерге тоқталсақ, жалпы екпе алғандар саны 108 мың адам, оның 86 мыңы жасөспірім, 6800-і жүкті әйел, 15 мыңнан астамы бала емізетін аналар. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталсақ, қазір Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр. «Сары» тізімде Нұр-Сұлтан, Ақмола облысы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00