Басты Жаңалықтар Түркістан облысында 26 мыңға жуық адам екпенің үшінші дозасын салдырды

Түркістан облысында 26 мыңға жуық адам екпенің үшінші дозасын салдырды

Түркістан облысында 26 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтіп үлгерді. Өңірде жалпы осы уақытқа дейін 1 млн 37 мыңнан аса адам екпе алған. Жаппай екі салдырудың арқасында аймақта індет жұқтырғандар саны азайды. Мәселен, соңғы тәулікте облыста 3 адамнан ғана COVID анықталған.

Сондықтан эпидемиологтар Жаңа жыл қарсаңында салтанатты шаралар мен отбасылық және басқа да жиындарды 100 адамнан артық емес және 50%-дық толымдылықпен өткізуге рұқсат беріп отыр. Ол үшін жиын өткізілетін нысандарда карантин режимі талаптары қатаң сақталуы талап етіледі. Ал «ASHYQ» жобасына қатыспайтын нысандарда қандай да бір бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Жаңажылдық шыршалар да шектеулі бала санымен өткізілетін болды.

Нұрбек Нышанов, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысы:

Мектепке дейінгі балабақша, мектеп, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып, іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Тек жекеленген сыныптар мен топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі. Бірақ сырттан ата-аналардың қатысуына тыйым салынады.

Айнұр Ақбаева


Бөлісу