Өткен тәулікте 13874 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте 13874 адам коронавирус жұқтырған. Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін биыл 15-ші қаңтарда 13523 жағдай тіркелген еді. Ауырғандар арасында балалар да көп.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Елдегі эпидахуал мәз емес. Індет әсіресе үш өңірде үдей түсті. Алматы, Қарағанды, Атырау облысындағы ахуал күрделі. Ал елордадағы көрсеткіш 32 есе артты. Бір тәулікте 4000-нан астам науқас вирус жұқтырды. Алаңдататыны сол, ересектерден бөлек, балалар арасында да ауру жылдам тарап жатыр. Мәселен кеше тек күндізгі уақыттың өзінде инфекциялық бөлімге 50 шақты бала түскен.
Жанар Бөкенова, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы дәрігері:Біздің ауруханада қазір 200-ден аса науқас жатыр. Жаңадан туған шақалақтан бастап, 18 жасқа дейінгі балалар түсіп жатыр. Сондықтан, көпшілік орындарға бармауға тырысыңыздар, жеке гигиенаны сақтаңыздар. Егер ауырып қалған жағдайда, дәрігердің көмегіне жүгіну керек. Өз бетінше үйде жатып емдеуге тырыспаңыздар.
Жасыл аймақта бірде бір өңір қалған жоқ. Тек сары тізімде Түркістан облысы тұр. Қалған өңірлер түгел қауіптің қызыл деңгейінде. Аурудың асқынуы – омикронмен тікелей байланысты. Өйткені жаңа штам өте тез тарап жатыр. Симптомдары үлкендер мен балаларда бірдей.
Олжас Назиев, балалар дәрігері:Балаларда жоғары темпиратура, құрғақ жөтел, тәбетінің болмауы, сұйық дәрет, құсу, ішек инфекциялары, менингит белгілерімен түсіп жатыр. Темпиратурасы ұзақ сақталады. Осындай симптомдар білінсе дәрігер көмегіне жүгініп немесе жедел жәрдем шақырғандарыңыз жөн.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Елде пациенттерге арналып, 21000 инфекциялық төсек-орын әзірленген. Қазір оның 33 пайызы науқаспен толығыпты. Соңғы бір айда стационарда ем алып жатқандар саны екі есе, амбулаториялық деңгейде 5 есе көбейді. 305 адамның жағдайы ауыр. 80 пациенттің халы өте мүшкіл. 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Өкінішке орай, індеттен кеше 12 адам қайтыс болды.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Германияның Михендорф қалашығында Аяз аталар дәстүрлі жүгіруден жарысты
08.12.2025, 14:10
«Қазақы тазы» тұқымының республикалық байқауы өтті
08.12.2025, 14:08
Шығыс Қазақстанда қысқы туризм маусымы ашылды
08.12.2025, 14:07
Еліміз бойынша 814 км өзен арнасы тазартылады
08.12.2025, 14:06
Кәсіпорын табысының бір бөлігі халық игілігіне жұмсалуы керек
08.12.2025, 14:05
БҰҰ Украина бойынша отырыс өткізеді
08.12.2025, 14:04
Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды
08.12.2025, 14:03
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты
08.12.2025, 14:02