Түркістан облысында шаруалар жылыжайда өсірген қызанақтарын өткізе алмай отыр
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында шаруалар өнімін өткізетін жер таппай отыр. Қызанақ піскелі екі апта өтсе де, ел нарығында отандық өнімге сұраныс болмай тұр. Жыл сайын шығынға ұшырайтын диқандар Үкіметтен субсидия бөлуді сұрайды.
Нұғман Әбілдашев 30 соттық жылыжайға еккен қызанақ пен қиярлары қаңтардың соңында алғашқы өнім берді. Терілген қызанақтар жылыжайда тау боп үйіліп жатыр. Өткзетін жер жоқ.
Нұғман Әбілдашев, шаруа:
350-400 менің еңбегімді ақтамайды. Енді себебін айтайын, қазір мен осы тұрғанда 30 соттыққа 70 тонна көмір жақтым. Әлі көктем аяқталам дегенше 20 тонна немесе 30 тонна көмір жағамын. Ал көмірдің 1 тоннасы 17 мыңнан басталып, 20 мыңға дейін көтерілген.
Осындай қиындықты аудандағы өзге шаруалар да бастан өткеруде. Жылыжайдың суы мен электр энергиясынан басқа, тыңайтқыш та қымбат. Дәл қазір жергілікті базарларда қызанақтың бағасы 600-700 теңге шамасында. Сатушылар Өзбекстан мен Түркіменстан өнімдерінің өтімді болып тұрғанын айтады.
Көкөністің бағасын өсіріп отырған делдалдар дейді шаруалар. Ал,салаға жауаптылар бағаны нарық реттейді дегенді алға тартады. Жалпы жылыжай шаруашылығына соңғы бес-алты жылда субсидия берілмей келеді. Соның салдарынан ұсақ шаруашылықтар осындай қиындыққа тап болған.
Әлайдар Әмірханов, Сарыағаш аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Бүгінгі таңда өндірістік жылыжайлар дейміз солардың құрылысына кеткен шығынның белгілі бір 25 пайыздай мөлшерін мемлекет есебінен қаржыландырылып беріледі. Ал қаржыландыру субсидиялау мәселесін біз ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс бергенбіз. Қазіргі таңда ол жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ел аумағында екі мың гектардай жылыжай болса, соның 600 гектардайы Сарыағаш ауданында. Дихандар қаржылай қолдау болса бір жылда екі рет өнім алуға болатынын айтады.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04