Түркістан облысында оқушылар апатты мектепте оқып жатыр
Түркістан облысы, Сайрам ауданында 13 жыл бұрын салынған орта мектеп апатты жағдайда . 300 оқушыға арналған оқу ордасының қабырғалары жарылып, едендері төмен түсіп кеткен. Жылыту жүйесі дұрыс жүргізілмеген. Өңірге барған Мәжіліс депутаттары апатты мектептің жайын көзбен көрді. Халық қалаулыларына жағдайды баяндаған мамандар ғимаратты жөндеуге қажет 675 млн теңгенің бюджеттен бөлінбей отырғанын айтты. Сондай ақ, депутаттар құрылысы басталмаған көпқабатты үйлердің жобалау құжаттарымен де танысты. 300 пәтерлік бес үйді салуға республикалық бюджеттен қаржы қаралуы тиіс көрінеді.
Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Түркістан өңірінде мектептердің жетіспеушілігі менің ең бірінші айтатын мәселем болады. Өйткені бұл деген шын мәнінде халықтың санына қарай болуы керек. Балалардың өсіміне қатысты болуы керек. Одан кейін ауыз су мәселесі. Бұл шынын айтқанда тезірек қарап, шешілуі тиіс мәселелер.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00