Қаратөбе ауданында cу тасқынына байланысты ауыл халқы көшіріліп жатыр
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында бірнеше ауылды тасқын су басты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Ардақ Мұратқызы, тілші:Дәл қазіргі ақпаратқа қарағанда, кешегі мектебі құлаған Шалғын ауылында тасқын су бір көшені үйлерімен, қора-жайы, мал-мүлкімен түгел басып қалған. Олар қырдағы қауіпсіз жерге көшірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Апаттан құтқару, эвакуациялық және шұғыл жұмыстар үшін түнде Оралдан құтқарушылар мен алты арнайы техника жолға шығып, ауданға жетті. Облыс әкімі де тікұшақпен ауданға ұшып кеткен. Түнде судың екпіні мен деңгейі жоғары болған.Бұдан бөлек тұрғындардың айтуынша, Қоскөл, Ақтайсай, Аққозы ауылдарына да екі жақтан тасыған өзен суы мен сайдан құлаған қарғын су толассыз келіп жатыр. Халық құжаттарын, ең қажет бұйымдарын алып, буынып-түйініп отыр екен. Ол жаққа облыстан көмек әлі жетпеген.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысы аудандарындағы спорт мектептеріне қолдау көрсетілді
10.08.2026, 09:58
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі аяқталды
10.08.2026, 09:58
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жеңімпазы атанды
10.08.2026, 09:57
АҚШ-та күзетшілерді робот алмастыра бастады
10.08.2026, 09:55
Орман өрті қаулап, британдық Колумбияда төтенше жағдай жарияланды
10.08.2026, 09:51
Қазгидромет қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
10.08.2026, 09:51
Ақтауда 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
10.08.2026, 09:50
Мектептерде медициналық тексеру жүйесі жаңартылады
10.08.2026, 09:49