Басты Жаңалықтар Ақтауда 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтауда 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Маңғыстауда 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ал медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол берген облыстық балалар ауруханасының директоры қызметінен кетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Оқиға биыл қаңтар айында болған. 13 жастағы бала іші қатты ауырып, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Анасының айтуынша, дәрігерлер оны бірнеше сағат бақылағаннан кейін үйіне қайтарған. Бірақ жасөспірімнің жағдайы нашарлап, бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Алайда нақты диагноз қойылмаған. Науқас ауруханаға ауыр жағдайда түскен соң ғана ота жасалған. Дәрігерлер баланың ішегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған. Кейін ол санитарлық авиациямен Алматыға жеткізілгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. Қайғылы жағдайдан кейін арнайы комиссия құрылып, құзырлы орган жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде балалар ауруханасы мен №2 қалалық емханада медициналық көмектің дұрыс ұйымдастырылмағаны анықталды.


Бөлісу